08.11.2017 Ақтөбе қаласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы

«БЕКІТЕМІН»
Ақтөбе қаласының әкімі, 
ведомствоаралық комиссияның
төрағасы
_______________ І.Испанов 
2017 жылғы «____»_________

Ақтөбе қаласында құқық бұзушылық
профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
2017 жылға арналған жұмыс жоспары

1 – тоқсан

1. «Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасының 2016 жылғы және 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы құқық бұзушылық профилактикасы, қылмыспен күрес, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі  атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы.

Баяндайтын: «Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы» ММ.

2. Кәмелетке  толмағандар  арасында  құқық  бұзушылық   профилактикасы, оның ішінде түнгі  уақытта көңіл көтеретін орындарға балалармен кәмелетке толмағандардың баруына жол бермеу, суицид мәселелері жөніндегі жүргізілген шаралар туралы.

Баяндайтындар: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ, Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі.

2-тоқсан

1.Жұмысқа орналастыру,  оның ішінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларын өтеп келген адамдардың әлеуметтік мәселелерін шешуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы.

Баяндайтын: «Ақтөбе қаласының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

2. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау, абаттандыру және жарықтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы.

Баяндайтындар: «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы» ММ, Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі.

3– тоқсан

1.Ақтөбе қаласы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының басқа да өңірлерінен келген азаматтары жасайтын құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жүргізілген жұмыстар  туралы.

Баяндайтын: Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі.    

3. Ақтөбе қаласы жастарының арасында маскүнемдік, нашақорлық  және токсикомания профилактикасы бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы.

Баяндайтын: «Ақтөбе облысының наркологиялық диспансері» ММ.

4-тоқсан

1.Ақтөбе қаласы бойынша тонау және қарақшылық бойынша қабылданып жатқан шаралар, сонымен қатар «Қылмыстық құқық бұзушылық қартасын» енгізу туралы.  

Баяндайтын: Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі.

2. Кәмелетке толмағандарды сабақтан бос уақыттарында спорттық секцияларға, үйірмелерге, спорттық секцияларға тарту және аула клубтарын дамыту бойынша жұмыстар туралы.

Баяндайтындар:  «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ, «Ақтөбе қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ.

3. Қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы.

Баяндайтын: «Ақтөбе қалалық жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары» ММ

Ескерту: Ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қаралатын сұрақтар тізбесі толық болып табылмайды.