Ақтөбе – балаларға мейірімді қала

26.06.2015 Бағдарламалар

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Балалардың Құқықтарын Қорғау комитеті мен Ақтөбе қаласы Әкімдігінің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

Кіріспе

1994 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған 1989 жылғы Бала құқықтары туралы конвенцияның; 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің, 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің, 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңының; 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңының ережелеріне және басқа балалар құқықтарын қорғау мен олардың әл-ауқаты саласындағы ұлттық және өңірлік нормативтік-құқықтық актілер мен бағдарламаларға сүйене отырып;
қалалар мен аудандардың әр баланы дамытуға арналған әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асырудағы өсіп келе жатқан рөлін тани отырып;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен АҚТӨБЕ қаласының әкімдігі бұдан әрі «Тараптар» деп аталып, осы арқылы мыналар туралы келіседі:

I бап. Меморандумның жалпы ережелері

1. Тараптар «Балаға мейірімді қала» бастамасын (бұдан әрі – бастама) іске асыру саласында тепе-теңдік және ашық ынтымақтастық негізінде өзара қарым-қатынасты дамытуға келіседі.
2. Тараптар ынтымақтастығының мақсаты – Бала құқықтары туралы конвенцияның, атап айтқанда, балалар мен жастардың мыналарға:
• өздері тұрып жатқан қалаға қатысты шешімдерді қабылдау процесіне қатысуына;
• денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау бойынша сапалы қызметтерге қол жеткізуіне;
• қанаудан, зорлық-зомбылықтан және ұрып-соғудан қорғауға;
• ластанбаған қоршаған ортада өмір сүруіне;
• демалыс, сауық және мәдени әрі шығармашылық өмірге қатысуға;
• этникалық шығу тегіне, діни, мүліктік, жыныстық белгілеріне және дамуына қарамастан, қызметтерге тең қол жеткізуге қатысты құқықтарын іске асыруға ықпал ететін жергілікті басқару жүйесін құру
Тараптар осы Меморандумның мақсаттарын орындау үшін күш-жігерін біріктіруге және жұмыс бабында тығыз қарым-қатынас ұстап тұруға келіседі.

II-бап. Тараптардың негізгі міндеттері

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті:

3. Бастаманы іске асыруды үйлестіреді.
4. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне арнап бастаманы іске асыру аясында үйрету тренингтерінің өткізілуін ұйымдастырады.
5. Бастаманы іске асыру аясындағы іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізеді.
6. Мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-құрылымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді.
7. Қазақстан Республикасының өңірлері мен басқа елдердің арасында бастаманы іске асыру саласында ақпарат пен озық тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.
8. Ел халқының бастама туралы хабардарлығын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен ҚР БМ, ҚР БМ БҚҚК интернет-ресурстарында бастаманың іске асырылу барысын көрсетеді.

АҚТӨБЕ қаласының әкімдігі:
9. АҚТӨБЕ қаласы әкімдігінің жанындағы Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) бастаманы іске асыру бойынша жұмысын оның Ережесіне (1-қосымша) сәйкес қамтамасыз етеді.
10. Қаладағы бастаманы іске асыруға жауапты бөлімді/лауазымды тұлғаларды белгілейді және бөлімнің/лауазымды тұлғалардың тиімді жұмыс істеуі үшін оларға қажетті материалдық және әкімшілік қолдау көрсетеді.
11. Осы бастама аясында және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес, іс-шараларды орындауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыруға ықпал етеді.
12. Қала әкімдігінің барлық құрылымдарының бастаманы іске асыруға, оның ішінде қаладағы балалардың жағдайы туралы статистикалық деректер жинау мен талдау процесіне қатысуын қамтамасыз етеді.
13. Кеңестің қолдауымен «АҚТӨБЕ қаласындағы балалардың жағдайы туралы» мерзімді баяндаманы (бұдан әрі – Баяндама) дайындайды, ол мыналарды:
- жергілікті басқару жүйесінің балаларға мейірімділікке қатысты бағалау нәтижелерін;
- қаланың балаға мейірімділігі индикаторлары негізінде қаладағы (аудандағы) балалардың жағдайын сандық бағалау нәтижелерін;
- қала халқының осал топтарынан шыққан балаларды қоса алғанда, балалар мен жастарға жүргізілетін консультациялар негізінде қаладағы балалардың жағдайын сапалық бағалау нәтижелерін;
- балалар, жастар мен олардың отбасылары үшін қала объектілері мен қызметтердің сапасын және оларға қолжетімділікті бағалауды қамтуға тиіс.
14. Баяндаманың нәтижелері бойынша балаға мейірімді қаланың даму бағдарламасы мен бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын төмендегілерді:
- қалада, баланың толымды дамуы үшін, оның ішінде балалар мен жастардың қатысуымен қолайлы жағдай туғызуға бағытталған іс-шараларды;
- аталған іс-шараларды өткізуге арналған бюджетті;
- іс-шараларды іске асыруға жауапты басқармаларды, бөлімдер мен қызметкерлерді көрсете отырып әзірлейді.
15. Кеңеспен бірлесіп, аталған құжаттар бойынша ұсынымдар алу үшін Қазақстан Республикасы Білін және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне баяндаманы, бағдарлама мен іс-қимыл жоспарын жолдайды.
16. Ұсынымдарды алғаннан кейін әзірленген бағдарламалар мен іс-қимыл жоспарларын іске асыруға кіріседі.
17. Балаға мейірімді қалаларды бағалау және тану процесіне қатысу үшін қаладағы (аудандағы) балалардың жағдайларына мониторинг жүргізеді.
18. Балалар мен жастардың бастаманы іске асырудың барлық кезеңдерінде және олардың мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау процесіне белсенді әрі ерікті түрде қатысуы үшін мүмкіндіктер ұсынады.
19. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаларға балалардың мүдделері мен мұқтаждықтарын есепке алу тұрғысынан мерзімді түрде талдау жасайды.
20. Мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және жеке ұйымдардың, ата-аналар мен балалардың және басқа мүдделі тараптардың арасындағы ынтымақтастықты ілгері жылжытады.
21. Бастама нәтижелерінің негізінде жергілікті және республикалық деңгейлерде нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсынымдар ұсынады.
22. Жергілікті халықтың бастама туралы хабардарлығын және қатысуын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен қаланың интернет-ресурстарында бастаманың ісе асырылу барысын үзбей көрсетіп отырады.

III -бап. Меморандумның әрекет ету мерзімі

23. Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

IV-бап. Мерзімінен бұрын бұзу

24. Егер басқа Тарап осы Меморандум аясындағы өзінің міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болса немесе орындағысы келмесе, не қандай да бір себептермен орындауға мүмкіндігі болмаса, Тараптар мұндай кедергілерді жоюға бар күш-жігерлерін жұмсаған жағдайда Кез келген тарап өздерінің ниеттері туралы жазбаша хабарлама берген күннен бастап отыз күн ішінде осы Меморандумды бұза алады.

V-бап. Даулы жағдайларды шешу

25. Осы Меморандум нәтижесінде немесе оған қатысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

VI-бап. Түзетулер

26. Осы Меморандум немесе оның қосымшалары Тараптардың екеуі де қол қойған жазбаша келісім арқылы ғана өзгертілуі немесе түзетілуі мүмкін.
Осы Меморандум Тараптардың әрқайсысына 1 данадан заңдық күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
Оны куәландыру үшін, Тарап атынан тиісті өкілеттік берілген және әрекет ететін төменде қол қоюшылар осы Ынтымақтастық туралы меморандумға төменде көрсетілген күні және орында қол қояды:

З.Оразалиева
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы

Е.Омаров
АҚТӨБЕ қаласының әкімі

 

«Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру бойынша Актобе қаласы әкімдігінің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын
қорғау комитеті мен Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы әкімдігінің арасындағы
Ынтымақтастық туралы меморандумға
1-қосымша

1. Жалпы ережелер

1. Актобе қаласы әкімдігінің жанындағы Үйлестіруші кеңес (бұдан әрі – Кеңес) «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру бойынша қоғамдық негізде жұмыс жасайтын қосымша кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметін Бала құқықтары туралы конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңына, осы Ережеге, балалардың құқықтарын қорғау мен олардың әл-ауқаты саласындағы өзге де республикалық және өңірлік нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

3. Өз қызметінде Кеңес адам мен азаматтың, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасын нығайту, өз өңірінде демографиялық өсімді көтермелеу және ынталандыру, инклюзивті қоғамды дамыту қажеттігін басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары:

4. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Актобе қаласында «Балаға мейірімді қала» бастамасын (бұдан әрі – бастама) жалпы үйлестіру.
2) Актобе қала әкімдігінің барлық құрылымдарының аудандағы балалардың жағдайы туралы статистикалық деректер жинау процесін қоса алғанда, бастаманы іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету.
3) Қала әкімдігіне бастаманы іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсету.
4) Жергілікті халықты бұқаралық ақпарат құралдары мен қаланың интернет-ресурстары арқылы бастама туралы үзбей хабардар ету.
5) Кеңес мыналарды:
а)Актобе қаласының әкімдігі дайындаған «Ақтөбе қаласындағы балалардың жағдайы туралы баяндаманы;
б) қалалар мен аудандардың балаға мейірімділігі индикаторларының негізінде
қаладағы балалардың жағдайын сандық бағалау нәтижелерін;
в)қоғамның осал топтарынан шыққан балаларды қоса алғанда, балалар мен жастарға консультациялар беру негізінде қаладағы балалардың жағдайын сапалық бағалау нәтижелерін;
г)бастаманы іске асыру бойынша бағдарлама мен іс-қимыл жоспарын бекітеді.
6) Актобе қаласы әкімдігінің денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, қоғамдық қауіпсіздік, мәдениет, спорт және балалардың демалысы салаларындағы бастамасын іске асыру жөніндегі бағдарламалар мен іс-қимыл жоспарларының орындалу барысына мониторинг жүргізеді.
7) Қазақстан Республикасының басқа қалаларымен және аудандарымен бастамашылықты іске асыру саласында ақпарат және озық тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бастаманы іске асыру мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істейді.

3. Кеңестің құқықтары

5. Өзінің міндеттерін іске асыру мақсатында Кеңес мыналарға:
1) Актобе қаласының әкімдігіне «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру бойынша сараптамалық қорытынды және ұсыныс беруге;
2) Актобе қаласының әкімі үшін жергілікті деңгейде балалар құқықтарының сақталуы бойынша талдамалық шолулар мен есептер дайындауды жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік органдарынан Кеңес міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

4. Кеңестің құрылу және жұмыс істеу тәртібі

6. Кеңес жергілікті атқарушы органдардың, балалар мен жастар ұйымдарының, үкіметтік емес сектордың және басқа мүдделі ұйымдардың өкілдері мен тұлғалардан тұрады.

7. Кеңес төрағасы Актобе қаласы әкімінің орынбасары болып табылады.

8. Кеңес Төрағасы:
1) Кеңес жұмысына басшылық жасайды және оның жұмысының ұйымдық нысандарын белгілейді;
2) Кеңес отырыстарын жүргізеді және оның шешімдерін бекітеді.

9. Кеңес хатшысы оның отырысына қатысушы мүшелердің жай көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы отырыста сайланады.

10. Кеңес өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдайды.

11. Шешімдер Кеңес мүшелерінің отырысына қатысушылардың жай көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

12. Кеңес шешімі Кеңес төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

13. Кеңес отырысы қажеттілік бойынша, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.

14. Кеңес отырысы отырысқа оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болып табылады.