ЖОЛДАРДЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗЕРТХАНА ТЕКСЕРДІ
29.05.2020 Көлік

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров «Адалдық алаңы» жобасы аясында қалада жөнделіп жатқан жолдарды аралап көрді. Биыл қала әкімдігі асфальт жамылғысының сапалы болуын қадағалауға Жол активтерінің ұлттық сапа орталығын шақырды. Бүгін жылжымалы зертхана Бөкенбай батыр және Зауыт көшелерінде төселген жолдан сынама алды.

Бөкенбай батыр көшесінде жоба бойынша асфальт-бетон жамылғысы ауыстырылады, қиыршық тасты мастикалық асфальт төселеді және жаяу адамдарға арналған жол реттеледі. Дәл осындай жұмыстар Зауыт көшесінде де жүріп жатыр. Жылжымалы зертхана алған сынаманы өлшеп, төселіп жатқан асфальт қалыңдығы стандартқа сай деген ұйғарымға келді.