ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ
28.02.2020 Көлік

Бүгін Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті елуінші сессиясында қала әкімі Мавр Абдуллин шаһар жолдарын жөндеуге қатысты атқарылатын жұмыстарды айтты. Ақсақалдар, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан мәслихат сессиясында көше жолдарының сапасына қатысты мәселе көтерілді. Бұған дейін жасалған жолдарды қала басшылығы биыл 80 пайызға реттеу үшін жұмыстанатын болады. Биыл жол жөндейтін мердігер компанияларға талап күшейді. Енді бұдан былай жөнделген жолдар бұзылатын болса, бюджеттің қаражатына емес, мердігер ұйым өз есебінен қайта жасайтын болады.