Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
29.06.2018 Мәдениет және спорт

20.06.2018ж.-23.06.2018ж. аралығында Астананың 20-жылдығына және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған қалалық мемлекеттік мекемелер мен қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері арасында қалалық спартакиада өтіп спорттың 6 түрлері бойынша сайысқа түсіп (волейбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат және жүзу) нәтижесінде Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірісітер басқармасы қызметкерлері командасы жүлделі орындарға ие болып жалпы командалық есеп бойынша 1-ші орынды жеңіп алды, оның ішінде:

- волейболдан 1-ші орын, қатысқан бас мамандар: Жұбаналин Асылхан Шоқанұлы, Ильясов Айбек Дуйсенбайулы, Алимбетов Куантай, Нұрлыхан Төлеби Жомартұлы, Келдиков Нурбек Медибекович, Жанғали Нәзира Ғалымжанқызы және Бегалина Даурия Бауыржанкызы;
 - шағын футболдан 1-ші орын, қатысқандар бөлім басшылары: Сатекбаев Дархан Алтынбекович, Абубакиров Аманжол Кульмурзаевич және Рсалиев Руслан Имуханбетович  мамандар: Мамбетов Артур Жалгасбаевич, Жұбаналин Асылхан Шоқанұлы, Карабалин Айдар Бакытжанович, Кужаназаров Сабит Русланович және Ауданбай Нұрхан Теміржанұлы;
- үстел теннисінен 1-ші орын, қатысқан бас мамандар: Бексултанов Бекболат Бексултанович, Нұрлыхан Төлеби Жомартұлы, Күмісқали Айнұр Серікқызы және Есембаева Назерке Куандыковна;
- шахматтан әйелдер арасынан 1,2-ші және ерлер арасынан 3-ші орын, қатысқандар бөлім басшысы Аязбаева Меруерт Аманжоловна және бас мамандар: Утаргалиева Ботакоз Бакитовна және Бексултанов Бекболат Бексултанович;
 - жүзуден әйелдер арасынан 1-ші және 2-ші орындар, қатысқандар бөлім басшысы Абилгазина Мира Казбековна және бас маман Байдаулетова Гульжанат Темирбековна;
- тоғызқұмалақ бойынша ерлер арасынан 3 орынға ие болған бас маман Садуахасов Нурсултан Тойбазарович.

Жүлделі орындарға ие болған спортшылар Ақтөбе қаласы әкімдігінің дипломдарымен марапатталды.