Жекешелендіру барысы туралы

 Жекешелендіру барысы туралы
25.06.2018 Экономика және кәсіпкерлік

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Ақтөбе облысы бойынша коммуналдық меншігіндегі    9 ұйым, оның ішінде: 2018 жылы 2 ұйым «Ақтөбе» Облыстық футбол клубы» АҚ мен «Ақтөбе-агросервис» ЖШС жекешелендіруге жоспарланған.  

Сонымен қатар 2018 жылы «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 1 ұйымы «Asia Agro Holding» ЖШС жекешелендіруге жоспарланған. 

Бүгінгі күнге 

Бүгінгі таңда 2018 жылға жоспарланған объектілер бойынша сату алдындағы дайындық жүргізілуде, атап айтқанда, тәуелсіз бағалаушы анықталып, бағалау жұмыстары жүргізілуде.
Жекешелендірілетін нысандар бойынша толық ақпарат интернет желісінде www.gosreestr.kz электрондық мекенжайында, сонымен қатар Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында білуге болады.