Жеке кабинетке кіре алмай отырмын…

Жеке кабинетке кіре алмай отырмын…
07.11.2019 Жалпы

Бұл жағдай қате көрсетілген деректемелермен байланысты болуы мүмкін. Қордың ұялы қосымшасы мен сайты ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте БЖЗҚ дерекқорында салымшының электрондық поштасы және/немесе ұялы телефонының нөмірі дұрыс жазылмаған жағдайда ғана Қор сайтының Жеке кабинетіне кіру мүмкін еместігін айта кеткен жөн. Сондықтан Жеке кабинет арқылы жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуға қол жеткізу үшін (жеке басты куәландырушы куәліктің түпнұсқасымен) «БЖЗҚ» АҚ бөлімшесіне барған кезде электрондық поштаңыз және/немесе ұялы телефоныңыздың дұрыстығын, маңыздылығын мұқият тексеруіңізді сұраймыз.