Жазғы мезгілді 60 мыңнан астам балалар жаз демалысын қамтамасыз етуді жоспарлауда

Жазғы мезгілді 60 мыңнан астам балалар жаз демалысын қамтамасыз етуді жоспарлауда
23.05.2018 Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту

Ақтөбе қаласының білім бөлімі 60 мыңнан астам қала мектептерінің оқушыларын қала сыртындағы (1-8 кл), мектеп жанындағы (1-4 кл) және шатырлы лагерьлермен (5-9 кл), қызығушылықтарына байланысты түрлі үйірмелермен (1-10 кл) жаз бойы қамтамасыз етуді жоспарлауда.

Мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлермен 5705 баланы қамту (2017ж - 5561 бала) жоспарланды, оның ішінде қала мектептерінде 54 мектеп бюджет қаржысынан 1883 оқушыны және 35 мектеп ата-анасы есебінен 1739 оқушы мектеп жанындағы лагерьге үш маусымдық кезеңмен қамту және қала сыртындағы лагерьлерге бюджет есебінен демалыс ұйымдастыру жоспарлануда («Достық», «Асем», «Шапағат» және «Батыр» шатырлы лагері, «Асем» шатырлы лагері мен «Ақбөбек»оңалту орталығында )1183 оқушы (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар, көп балалы отбасы балалары, толық емес, аз қамтылған балалар, мүгедек және даму мүмкіндігі шектеулі балаларға).

Биылғы оқу жылының ерекшелігі бірнеше мектептер жанынан тақырыптық лагерьлер жұмыстанады. Былтырғы жаз мезгілінде алғаш өткізілген ағылшын тілін үйретуге арналған «Тілдік лагерь» ата –аналар тарапынан сұранысқа ие болғандықтан биыл да жалғасын тауып, қосымша «Өлкетану-туристік», «Спорттық», «Шығармашылық», «Экология-биологиялық» бағаттағы лагерлер жұмыстанады, 1200 –дей оқушы қамтылады.

Сонымен бірге барлық жалпы білім беретін мектептерде 8837 баланы қамтитын үш ауысымдық мектеп жанындағы балалар алаңын ұйымдастыру жоспарлануда (№44 А(К) ОМ басқа).

Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, қалада қалған және жазғы демалыс түрлерімен қамтылмай қалған балалар үшін мектеп территориясында орналасқан спорт алаңдарында және қолөнерге шамамен 5488 оқушыға аула клубтары жұмыс жасайды.

Биылғы жылы да өткен жылы бастама алған қосымша білім беру ұйымдарында балалар қызығушылықтарына қарай үйірмелер мен балалар ойын алаңдарына және жас натуралистер мен жас туристерге арналған саяхат түрлеріне (станциялық саяхат, зерттеу экспедициясы, туристік саяхат) 9677 бала қабылдап ұйымдастыру жоспарлануда.

16045 астам оқушы ата-анасының қаржысынан басқа да демалыс түрлерімен және басқа қалалар мен киелі, тарихи жерлерге саяхаттауға қамтылмақшы.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы сауықтыру мен демалысын қамтамасыз етуге шамамен 65715 (98,8%) баланы қамту жоспарлануда.

(1-10 класс бойынша жалпы бала саны – 66495 бала )

Ақтөбе қаласы білім

бөлімі басшысының м.а. А.Жақсыбаева