Жастарға баспана алудың жолдары түсіндірілді

Жастарға баспана алудың жолдары түсіндірілді
11.09.2019 Жалпы

«Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Ақтөбе облыстық филиалы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, жас мамандар арасында ақпараттық кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен қалай баспанаға  қол жеткізуге болатындығы және ипотекалық тұрғын үйге кезекке тұру бойынша ақпарат берілді. Ұйымдастырушылар тарапынан бұл бағдарламаға кімдер қатыса алады және бағдарламаның талаптары туралы толық мәліметтер келтіріліп, жастарды мазалаған сұрақтарға жауап берілді.