Жастарды жұмыспен қамту мақсатында кездесу өтті

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында кездесу өтті
31.01.2019 Жалпы

Ақтөбеде «Жастар жылы» аясында және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің 4-курс студенттерімен «Тәуелсіз Қазақстан экономикасының қалыптасуы мен дамуындағы жастардың рөлі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Бұл – биылғы жылға жоспарланған «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген алғашқы кездесу. 

Кездесуге «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ мен оқу орнының өкілдері, студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға бағдарламасы» аясында жастарды қолдау, тұрақты жұмыстарға, еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту, шағыннесие алу мүмкіндіктерін түсіндіру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты бірыңғай жиынтық төлем, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы және т.б. таныстыру.

2018 жылы Бағдарлама аясында жұмыспен қамтылған 16975 адамның  8605-і жастар.

Биылғы жылға 8000 жастарды жұмыспен қамту жоспарланды. 

Жастармен жұмыс атқару мақсатында жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру, жоғары және арнаулы-орта оқу орындарының студенттерімен кездесу, форумдар, акциялар ұйымдастыру және т.б. жоспар құрылып, іс-шаралар атқарылуда.  

Кездесуге 120ға жуық студенттер химия, биология, дефектология, хореография, шетел тілі, бастауыш және мектепке дейінгі білім беру, әлеуметтік педагог мамандықтары бойынша қатысты. Аталған мамандықтар бүгінгі күнге еңбек нарығында сұранысқа ие.

Мұндай кездесулер жыл бойы жалғасады, келесі кездесу а.ж. 15 ақпанында М.Оспанов атындағы Медициналық университетінде өткізіледі.