ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
18.11.2020 Жалпы

Жастарға бағыт-бағдар беру - аға буынның міндеті. Тәрбие ісі - ортақ. Бұл мәселе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында негізгі тақырыпқа айналды. Іс-шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сергей Ли, Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында ерекше көзге түскен сарбаздарға медаль табысталды. Сондай-ақ, әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.