Жаңақоныс ауылында жаңа мектеп ашылды

Жаңақоныс ауылында жаңа мектеп ашылды
30.08.2018 Білім

30 тамыз – ҚР Конституциясы күні Жаңақоныс ауылының «Бірлік» кварталында Сәбит Дөнентаев атындағы № 69 жалпы білім беретін орта мектебі оқушыларға есігін айқара ашты. Бұл шараға облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы және қала әкімі Испанов Ілияс Сапарбекұлы қатысты.  Әсем екі қабатты мектеп ғимаратын «ЭлитСтройСервисАктобе» құрылыс компаниясы тұрғызды. Мектеп 300 оқушыға арналған, жалпы ауданы 3053,46 кв.м. Мектеп 17 класқа арналаған, екі ауысымда жұмыс жасайды. Оқушыларға арналған үлкен спорт залы бар. Заманауи құралдармен жабдықталған физика, биология, химия кабинеттері бар. Үлкен көлемде жабдықталған кітапхана оқушылардың лайықты білім алуына мүмкіндік береді. Барлық кабинеттерде жаңа интерактивті тақталар қондырылды. Мектеп ішінде асхана бар. Арнайы жабдықталған кластарда технология сабақтары өтеді, онда қыздарға арналған тігін және аспаз құралдары мен ер балалар үшін ағаш және металл өңдеу станоктары бар. Мектеп ауласында заманауи үлгіде табиғи материалмен көмкерілген, футбол алаңы, волейбол, баскетбол алаңы және жүгіруге арналған алаңы, ойын алаңы бар. Арнайы оқуды қажет ететін балаларға керек нәрсенің де барлығы да талапқа сай ойластырылған.