ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ АЯЛДАМАЛАР
17.08.2020 Жалпы

   Облыс  әкімі Оңдасын Оразалин  «Нұр-Ғасыр» мешіті  алдындағы жөндеуден өткен субұрқақты, жаңа үлгідегі аялдамалардың сапасын көрді. Ақтөбе қаласында  жалпы саны  22 субұрқақтың  12-і жөндеуден өтіп іске қосылған. Сондай-ақ, қаладағы аялдамаларды кәсіпкерлер жаңа үлгіде салып жатыр. Қазір заманауи үлгідегі 6 аялдама орнатылып тұр. Жалпы жыл соңына дейін 50-ге жуық аялдама жаңартылмақ. Сонымен қатар, жасыл желекті  суару жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылуда.
   «Жолдардың жөндеуден өтуі, аулалардың қалыпқа келуі, субұрқақтар қаланың  көркін келтіретін дүниелер.  Қаланы таза ұстау, көгалдандыру сынды жұмыстарды жандандыру қажет»,  - деген өңір басшысы қала әкімі Асхат Шахаровқа жұмысты ширатуды тапсырды.