Жаңа оқу жылына – жаңа мектеппен

Жаңа оқу жылына – жаңа мектеппен
31.08.2018 Білім

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Әлкей Марғұлан атындағы №71 орта мектебінің жаңа жалпыға білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Ол 600-ден астам оқушыларды қабылдауға әзір. Мектеп «Норис и К» құрылыс компаниясымен «Рухани жаңғыру» және «Бақытты бала» бағдарламалары аясында салынған. Салтанатты шараға Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиев, Ақтөбе қаласының әкімі І.С.Испанов қатысты. Жаңадан ашылған орта мектепке Қазақстан Республикасының археологы, тарих ғылымдарының докторы, ғалым Әлкей Марғұланның есімі берілді. Оқушылар екі ауысымда білім алады. Мектеп 11,000 ш.м. құрайтын 3 қабатты ғимаратта орналасқан, 3 блоктан, 36 бөлмеден тұрады, сондай-ақ информатика, физика, химия және биология ағылшын тілі, кітапхана, медиа-кітапханасы, ер балалар мен қыз балаларға арналған шеберханалары бар. Спорт залы 611 ш.м. құрайды, дене шынықтыру сабағы барлық қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған. Үлкен сахнасы,150 адамға арналған мәжіліс залы және екі медициналық бөлмелері бар. Мектептің бірінші қабатында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана орналасқан. Орталық кіре берісте турникет орнатылған, мектеп алаңдарындағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында  жауапты орындар қарастырылған. 

Балаларға арналған лифт, гардеробтар, гигиена үшін арнайы бөлмелер бар. Мектептің ландшафтық аумағында серуендеу, демалу, ойын және спорттық алаңдар, жүгіру жолдары бар.