Жаманшың кратері әлемдік деңгейде қорғалуы тиіс

Жаманшың кратері әлемдік деңгейде қорғалуы тиіс
11.09.2019 Мемлекеттік басқарма

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин бір топ ғалымдарды қабылдады. Кездесуге Жаманшың метеориттік кратерін егжей-тегжейлі зерттеп жүрген ресейлік ғалымдар Павел Флоренский, Светлана Янсон, Елена Сергиенко, Борис Зейлик және елімізге белгілі жазушы, қаламгер Жүніс Сақұрпағы, өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай сондай-ақ, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев қатысты.

Жиын барысында Ырғыз ауданындағы Жаманшың кратерінің бүгінгі жағдайы талқыланды. Миллион жылдық тарихы бар орынды ғалымдар  әлемдік деңгейде қорғалу қажет деп санайды.

Зерттеушілер аймақ  басшысына бірнеше ұсыныстарын жеткізді. Кратердің айналасын қоршап, геопарк немесе аспан асты музейін ашу. Бұл  туризмнің дамуына өз ықпалын тигізбек.

Сондай-ақ, Жаманшың маңын мекендейтін, әрі қызыл кітапқа енген аң-құстардың мәселесі де талқыланды.

«Президент халыққа  Жолдауында  броконерлікті тыю, табиғат пен жан-жануарларды қорғауға аса мән берді, Қазақстанның киелі жерлер  географиясына енген нысанның бірі ретінде Жаманшыңды  қорғау жауапты іс, әрі осы мәселеге жанашырлық білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін»,-деді Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімі басқосуда аталған ұсыныстарды жинақтап, әзірлеуді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаевқа тапсырды.