ҮШ ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІ БЕКІДІ
25.12.2020 Мемлекеттік басқарма

Кезекті 62-ші қалалық мәслихат сессиясында депутаттар алдағы үш жылға  - 2021-2023 ж.ж. арналған бюджетті бекітті.
Бюджет жобасын экономика және қаржы бөлімінің басшысы Амангүл Үрістемова баяндады. 
"Жалпы Ақтөбе  қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 171,9 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 2021 жылға – 64,4 млрд.теңге, 2022 жылға – 53,0 млрд. теңге, 2023 жылға – 54,5 млрд. теңге.
Ақтөбе  қаласының 2021 жылға кіріс пен шығыс бөлігін тең үлесте 64 448,7 млн. тенге болып бекітуге ұсынамыз.    
Соның ішінде 18 004,8 млн. тенгені республикалық (13 420,2) және облыстық (4 584,5) трансферттер, Қаланың өзіндік бюджеті - 46 443,9 млн. тенге құрап отыр.
Кіріс бөлігі бойынша айтып кететін болсақ, Ағымдағы жылдың бағалауымен салыстырғанда, 2021 жылға қала бюджетінің жеке салық табыстары 6,8%-ға жоғарылап бекітілуде",- деді бөлім басшысы. 
Амангүл Үрістемованың айтуынша,15 млрд. 916,0 млн. тенге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары саласына жұмсалады. Оның ішінде сумен  жабдықтау жүйесін дамытуға 3,8 млрд. теңге бағытталады. 
Ал құрылыс саласына 4 млрд. 163,0 млн. тенге бөлінеді, оның ішінде қала бюджетінен 245,7 млн. теңге қарастырылды.
Республикалық және облыстық бюджеттен "Нұр-Ақтөбе" ықшам ауданында көп қабатты 3 үй құрылысына 2,9 млрд тенге қарастырылып отыр. Бұдан басқа, "Нұр Ақтөбе"  ауданында көпқабатты 15 үйге ЖСҚ дайындалады.
Халықтың осал топтары және көпбабалы аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй сатып алуға 535,0 млн теңге бөлінді. 
Қызылжар, "Нұр Ақтөбе", Өрлеу, Ясный,Жанақоныста мәдениет үйлерінің құрылысына ЖСҚ дайындалады. 
Сондай-ақ "Нұр Ақтөбе" ауданында 3 тұрғын үйді абаттандыру жұмыстарына 70,2 млн.теңге қарастырылуда. Ал Ясный, Сазды, "Нұр-Ақтөбе" массивтерінде дене шынықтыру кешендерін салу үшін ЖСҚ дайындауға 9,5 млн. тенге жоспарланды.
Қала әкімі Асхат Шахаров алдағы үш жылға кең көлемді нағыз еңбек майданы жоспарланып отырғанын атап өтті. Өтіп бара жатқан жылғы қорытындылаған қала әкімі биыл жоспарланған көп жұмыс атқарылғанына тоқталды. 
Сессия аясында Жамансары Мақашев,Болат Егімбаев,Владимир Гринберг "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атағына ие болды. Сондай-ақ  туған өлкені дамытуға қосқан үлестері үшін "Жомарт жүрек" медалімен Әлібек Елеусізов марапатталды.