Үш аусымдық мектептер мәселесі шешіледі

Үш аусымдық мектептер мәселесі шешіледі
08.11.2019 Білім

Қала әкімі Мавр Абдуллин БАҚ өкілдерімен бірге Батыс-2 шағын ауданындағы №64 мектепке барды. Жыл өткен сайын қала халқының санының артуымен жаңа шағын аудандар пайда болып жатқаны белгілі. Жаңа ауданның жаңа мектебіндегі бір проблема оның үш аусымдық болуында. Қазір қалада үш аусыммен оқытатын 8 мектеп бар. Ал орын тапшылығы мәселесін Батыс-2 ауданынан 1200 орындық және 600 орындық екі мектеп салу арқылы шешу қарастырылуда. Құрылысы басталған ғимараттар  2020 жылдың  1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі.  Бұл мектептер мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасайтын болады.