«Ұлттық домбыра» күнін тойлауға арналған «Домбыра дастан» атты мерекелік шара өтті.

«Ұлттық домбыра» күнін тойлауға арналған «Домбыра дастан» атты мерекелік шара өтті.
01.07.2018 Мәдениет және спорт

Қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде және одан әрі топтастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен ағымдағы жылдың шілде айының бірінші жексенбі күні «Ұлттық домбыра» күні болып тағайындалды. 

Ақтобе қаласының әкімдігі мен Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 30 маусым күні Ақтөбе қаласының Ә.Молдағұлова даңғылы бойында орналасқан Домбыра монументінің жанында «Ұлттық домбыра» күнін тойлауға арналған «Домбыра дастан» атты мерекелік шара өтті.

Мерекенің басты мақсаты ұлттық құндылығымыз, байлығымыз, киелі аспабымыз – домбыраны насихаттау. Концерттік бағдарламамен қатар қаламыздың дарынды оқушыларының көрмесі де ұйымдастырылады. 

Әр ел, әр ұлт өз  дәстүрімен  ерек¬ше¬ле¬неді. Ата дәстүрін ұмыт қалдырмай берік ұстана білген халық көш басында жүретіні айдан анық. Дәстүрсіздік рухсыздыққа апаратыны айтпасада белгілі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы жылы алғаш рет аталып өтетін бұл мерекенің маңызы өте зор деп санаймыз. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті. Мереке барысында қала тұрғындарына киелі аспапта орындалатын күй өнерінің «төкпе» және «шертпе» қағыстары да көрсетілді. Осынау ұлттық құндылығы терең аспабымыздың бағасын халықаралық дәрежедегі ғалымдар, ақын, жазушыларда айтып кеткен.  Мерекелік шара барысында оқушылар арасында күй тартыс ұйымдастырылып, қалалық білім бөлімінің атынан жеңімпазға үкілі домбыра сыйға табыс етілді.