Учаскелік сайлау комиссияларына арналған семинарлар өтті

Учаскелік сайлау комиссияларына арналған семинарлар өтті
30.05.2019 Жалпы

2019 жылғы 28, 29, 30 мамырда қалалық әкімдіктің ғимаратында Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссияның ұйымдастыруымен, Ақтөбе қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары өткізілді. Семинарды Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссия төрайымының орынбасары Т.С. Нұртазин өткізді. Аталған шараға Ақтөбе облысының ТЖД өкілдері қатысып, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамалық өткізді.

Семинар барысында сайлау учаскесін ашу туралы, дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамаларын толтыру үдерісі түсіндірілді. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған мәтіні және аудиоформатта жадынамамен танысты.