ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ
24.11.2020 Жалпы

Ақтөбе қаласының әкімі Ashat Shaharov Қурайлы ауылының  тұрғындарымен кездесу барысында жер учаскелерін қалыпқа келтіру жөнінде бірқатар тапсырмалар берген  болатын.
Тапсырманы орындау мақсатында  Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің басшылығы Қурайлыда  орналасқан мұсылман және христиан зираттары кауымдастығының мүшелерімен кездесіп,түсіндіру жұмыстарын жүргізді, шағымдарын тыңдады.  
Өткен жылы, 2019 жылдың 16 қыркүйегінде Қурайлыдағы зираттарға қосымша жер учаскелері бөлінген болатын. Учаскені рәсімдеу барысында жерге орналастыру жобасын әзірлеген мекеме тарапынан техникалық қате жіберілген.  Құжаттар 2020 жылдың 18 қыркүйегінде қала әкімдігінің №3518 қаулысымен реттеліп зиратқа берілген жердің нысаналы мақсаты қалыпқа келтірілді.
Енді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі  өзгертілген қаулы негізінде жаңа жер актісін дайындауы қажет. Бұл туралы олар хабардар.
Қурайлы ақсақалдарына желтоқсан айында жоғары аталған сұрақтар шешілітіндігі түсіндірілді.
Одан басқа, қауымдастық ақсақалдары зираттарды қоршау және христиан зиратында электр желісінің бағытын өзгерту туралы өтініш жасады.