Тұрғындар назарына!

Тұрғындар назарына!
13.02.2018 Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту

Халықты жұмыспен қамту орталығы а.ж. 16 ақпан айында аз қамтылған отбасылар қатарындағы адамдарға тағайындалатын жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдайды. 

Өткізу орны: Халықтық кеңсе ғимаратында (Сәңкібай батыр даңғылы, 249)

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ата-аналарының жеке куәліктері;
  2. балалардың туу туралы куәлігі;
  3. әрбір жанұя мүшесіне  мекенжайы анықтамасы;
  4. неке қию немесе неке бұзу туралы куәлігі;
  5. жалғыс басты ата-аналарға №4 формадағы анықтама;
  6. 20-сандық коды көрсетілген Банк-тен анықтама;
  7. көп балалы ата-аналар туралы анықтама (зейнетақы төлеу орталығы);
  8. 1 жасқа дейінгі балаларға берілетін анықтама  (зейнетақы төлеу орталығы);
  9. ата-аналарының жұмыс орнынан анықтама;
  10. соңғы 3 айға жұмыс орнынан жалақы туралы анықтама;
  11. күндізгі бөлімдегі студент болған жағдайда, оқу орнынан анықтама;
  12. мүгедектігі және төленетін зейнетақы туралы анықтама;
  13. алименттер туралы анықтама

Байланыс телефондары: 21-44-74, 90-72-89.
 

Барлық сұрақтар бойынша akimat@akt.gov.kz хабарласыңыз.

Портал жұмысына қатысты сұрақтар бойынша admin@akt.gov.kz хабарласыңыз.