Тұрғындар мәселелері тыңдалды

Тұрғындар мәселелері тыңдалды
07.11.2019 Мемлекеттік қызметтер

Халықтық кеңседе қала әкімі Мавр Абдуллин жеке сұрақтарымен тұрғындарды қабылдады. Қоғамдық қабылдауға 74 тұрғын келді. Сұрақтары әр қилы.  Жер, баспана сұрағандар, жұмыс іздегендер, көршісімен ауласын бөлісе алмағандар, тіпті отбасындағы ашу-арыздық туралы шағымданып келгендер де болды. Өз жеке басына қатысты мәселелерден бастап, жалпы қоғамға, қалаға ортақ проблемаларға дейін айтып келген ақтөбеліктердің бәрін де шаһар басшысы мұқият тыңдады. Кейбір мәселелер қоғамдық қабылдау барысында бірден шешімін тапты. Қала әкімі жауапты бөлімдер басшыларын шақыртып, тұрғындардың жеке сұрақтарына дұрыс жауап беруді міндеттеді.

— Мұндай қабылдаулардың маңызы зор. «Нұр Отан» партиясының филиалында, осы Халықтық кеңседе, «Адалдық алаңы» жобасы аясында қала әкімдігінде ашылған кабинетте тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдап жүрмін. Бұл қаланың дамуына, ақтөбеліктердің әл-ауқатын арттыруға бағыттап отырған жұмысымызды саралауға мүмкіндік береді, — деді шаһар басшысы М.Абдуллин.