ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
23.07.2020 Жалпы

Қалада қоқыс тазалау, қар тазалау, дезинфекция жасау және басқа да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағытындағы жұмыстар енді қоғамдық бақылауда болады. Цифрлық жоба осы салада жасалып жатқан жұмыстарды ашық көрсетіп отырады.
Бүгінгі күні жоба сәтті жұмыс жасауда, ТКШ бөлімінің 12 мердігерлік ұйымы үшін бірыңғай диспетчерлік орталық ұйымдастырылып, 3 дезинфекциялық жұмыс түрін және Ақтөбе қаласының көшелерін санитарлық тазалау бойынша 22 жұмыс түрін бақылау цифрлық форматқа ауыстырылды. Бағдарлама аясында күніне 1400 тапсырма орындалып келеді.
Жаңа технологияларды енгізудің арқасында қазіргі таңда мердігерлердің нақты орындаған жұмыстары қашықтықтан бақыланып отырады, сапасыз орындалған немесе мүлдем орындалмаған жұмыстар туралы толыққанды дәлел базаға түсіп, желіде көрініп тұрады. Мәселен, тазартылмаған қоқыс жәшіктері, сырланбааған қоршаулар, алынбаған ағаштар және т.б. жұмыстар туралы мердігерлер жалған ақпарат бере алмайды, оның бәрі де енді автоматты түрде түгенделіп, цифрлық базаға түсіп отыратын болады.