Тағайындау Ақтөбе қаласының әкімі М.Абдулиннің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып СИСЕНОВА ГҮЛНАЗ САҒЫНҚЫЗЫ тағайындалды

Тағайындау Ақтөбе қаласының әкімі М.Абдулиннің өкімімен  қала әкімінің орынбасары болып СИСЕНОВА ГҮЛНАЗ САҒЫНҚЫЗЫ тағайындалды
25.07.2019 Мемлекеттік басқарма

Г.С.СИСЕНОВА 1981 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер біліктілігі бойынша аяқтаған.  Алға ауданы салық комитетінің жетекші салық инспекторы, Ақтөбе облысы қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алға ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы қаржы басқармасының басшысы болып жұмыс атқарды.