Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті
10.09.2018 Мемлекеттік басқарма

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында 2018 жылы 10 қыркүйекте Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары К.А.Айдарханованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары есеп берді. Осылайша, жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы «Ақтөбе қаласының жер қатынастар бөлімі» ММ басшысы Еркін Ордабаев есеп берді.
  Е.Ордабаев бөлімнің жұмысында, өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуде ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуі туралы баяндады. Жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілердегі бөлімнің парақшаларында  кеңінен жарықтандырылады. «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысыгың есебін тыңдау барысында комиссия төрағасы, комиссия мүшелері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматта көрсету жөнінде сұрақтар қойды.  
Салық салу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесінің жүзеге асырылуы туралы Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының орынбасары Д.Кубенов есеп берді.
 Д.Кубенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасының қызметінде сапалы мемлекеттік қызмет көрсету көрсету, соның ішінде электрондық форматта, орталықта заңды және жеке тұлғаларды  қабылдау бойынша бейне бақылау камералар, электрондық кезектілікті реттейтін терминал қондырылған, қызметкерлердің қәсіпкерлер, жеке тұлғалармен байланысты болдырмау үшін шаралар қабылданған, табыстар мен мүлік туралы декларациялардың уақытылы ұсынылуы бойынша бақылау мен мониторинг жүргізіледі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңдарымен көзделетін жауапкершілік туралы қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, тәлімгерлер кеңесі жұмыс істейді. 
Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының есебін талқылау барысында комиссия мүшелерімен мемлекеттік қызметшілермен табыстар мен мүлік туралы декларациялардың уақытылы ұсынылуына қадағалауды күшейту, қызмет алушыларға қолжетімді жағдай қамтамасыз ету жөнінде сұрақтар қойылды.
  Құрылыс нысандарына бөлінген бюджет қаражатын игеруде және мемлекеттік сатып алу процедураларын жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты болдырмау  үшін қабылданып жатқан шаралар туралы «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі»  ММ-сі басшысының міндетін атқарушы Тұрумов Нұрлан баяндады. Мемлекеттік сатып алу процедурасын өткізуде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу жөніндегі  іс-шаралар, мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды жүзеге асыруда ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету туралы ақпарат тыңдалды. Өткізілген тендер қорытындысы бойынша жұмыстар барысы мен бюджет қаражатын игеру сұрақтары қатаң бақылауға алынған. 
   Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыруда мемлекеттік мекемелердің азаматтық қоғаммен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттері туралы «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы Е.Нұрғалиев баяндады. Білім беру мекемелерінде, кітапханаларда азаматтық қоғам институттары, соның ішінде «Нұр Отан» партиясы  жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес, ҮЕҰ өкілдерімен кездесулер өтті. Қалалық мемлекеттік мекемелердің басшыларының БАҚ  сұхбат беруі ұйымдастырылды. 
  Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары мен комиссия мүшелері баяндама жасағандарға жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар айтты.