Спорттық уәждемелік бейнеролик

Спорттық уәждемелік бейнеролик
30.01.2019 Мәдениет және спорт

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған
қалалық «Спорттық уәждемелік бейнеролик» байқауының ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1. Ақтөбе қаласының 150-жылдығына арналған (бұдан әрі - Ереже) қалалық авторлық«Спорттық уәждемелік бейнеролик»  байқауын өткізу туралы осы ереже конкурс өткізу тәртібі мен шарттарын (бұдан әрі - Байқау) белгілейді.
1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы: «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Байқаудың мақсаттары

2.1. Ақтөбе қаласының тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру;

3. Байқаудың міндеттері

3.1. Ақтөбе қаласында спортты дәріптеу.

4. Байқауды ұйымдастыру

4.1. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ:
- байқау және байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады;
- байқауды өткізу шарттарын бекітеді;
- жеңімпаздарды марапаттау бойынша қорытынды құжаттарды бекітеді.
4.2. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ бір уақытта сараптау комиссиясын – қазылар алқасын бекітеді:
- ұсынылған байқау материалдарын бағалауды жүзеге асырады және байқау жеңімпаздарын анықтайды;
- байқау жеңімпаздары туралы қорытындымен хаттама жасайды.

5. Өткізу тәртібі

5.1. «Спорттық уәждемелік бейнеролик»байқауы 2019 жылдың 1 ақпан -24мамыр аралығында өтеді. 1 ақпаннан 17 мамырға дейін өтінімдер мен байқауға арналған  жұмыстарды қабылдайды. 17 мамырдан бастап 24 мамырға дейін ұсынылған материалдарды қарау және жеңімпаздарды анықтайды. 28 мамыр күні Ақтөбе қаласы күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.
5.3. Байқауға жасы, мәртебесі және ұлтына қатыстылығы бойынша шектеусіз Ақтөбе қаласының кез келген тұрғыны қатыса алады.

6. Байқау шарттары

6.1. Байқауға қатысушылар 2019 жылдың 17мамырға дейін «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ  №46 кабинетіне мына мекен-жай бойынша ұсынады: Т.Ахтанов көшесі, 50-үй, байланыс телефоны: 41-63-94, немесе электрондық мекен-жайы: otd.sport@mail.ru (байқауға белгі қоюмен) бойынша келесі материалдар:
- қатысушының аты-жөні, туған күні, жұмыс/оқу орны, мекен-жайы және байланыс телефоны көрсетілген өтінім;
- аяқталған авторлық шығарма (мемлекеттік және орыс тілдерінде):
- аяқталған бейнеролик электронды тасығышта;
6.2. Видеороликтің ұзақтығы 1 минуттан кем болмауы тиіс.
6.3. Видеоролик тақырыбы: спортпен шұғылдануға уәждеме.
6.4. Жұмысы электрондық поштаға ұсынылған байқауға қатысушыға өтінім алғаны және өтінім берушінің байқаулық іріктеуге енгізілгені туралы растау жіберіледі.
6.5. Қатысушы байқауға 2 туындыға дейін ұсына алады. Барлық жұмыстар бір уақытта бір пакетте ұсынылады.
6.6. Қатысушылар байқауға еш жерде жарияланбаған және көпшілік алдында қойылмаған авторлық құқықты бұзбай, өзі түсірген бейнероликпен ғана қатыса алады.
6.7. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
6.8. Өтінімдер қарауға қабылданбайды:
- байқаудың тақырыбына сәйкес келмейтін;
- нысан бойынша толтырылмаған;
- көрсетілген мерзімнен кейін түскендер;
- бұрын жарияланған өлеңдер.
- байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынған нормативтік емес лексикасы бар немесе қорлау сипаттағы, не адамдық қадір-қасиетін қорлайтын туындылар жіберілмейді.

7. Байқауды ұйымдастырушылардың міндеттері

7.1. Байқауды  ұйымдастырушылар:
1) оның барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасау;
2) нәтижелер ресми жарияланған күнге дейін Байқаудың аралық және түпкілікті нәтижелері туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;
3) байқау өткізу туралы жариялауды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында және Ақтөбе қалалық әкімдігінің ресми ақпараттық Интернет-порталында жариялауды қамтамасыз етсін.

8. Байқау қорытындысын шығару

8.1. Қатысушылардың жұмыстарын іріктеу қазылар алқасының мүшелері қоятын сараптамалық бағалар негізінде жүзеге асырылады.
8.2. Байқауға  қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалайды:
- монтаж;
- сюжет;
- дыбыстау.