Әскери қызметтен бас тартқан, азаматтардың назарына!

К сведению граждан, уклоняющихся от воинской службы! 
30.03.2018 Қоғам

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына және Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы «2018 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы» қаулысына сәйкес 2018 жылдың 3 наурызынан бастап Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен мерзімді ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ жұмыстары жүргізілуде.

2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV ҚР 17, 30, 31, 35 б.10 тармағының «Әскери қызмет және қызметшілер дәрежесі туралы» заңына сәйкес
- әскери қызметке жарамды азаматтар шақыру қағаздары бойынша жергілікті әскери басқармаға шақыру комиссиясына келуге міндетті;
- шұғыл әскери қызметке шақырылу ҚР Президентінің Жарлығына және ҚР Үкіметіне сәйкес жылына 2 рет өткізіледі.
 - шұғыл әскери қызметінің шақырылуына он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы азаматтар жарамды, олардың кейінге қалдырылуға немесе шақырудан босатылуға құқы жоқ;

2014 жылдың 5 шілдесіндегі № 235-v  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодекесінің  – 647, 648, 649, 650 баптарына сәйкес

- әскери тізімде тұрушы немесе тұруға міндетті азаматтың Ақтөбе қаласының Қорғаныс істер басқармасының көрсеткен мерзімінде себепсіз келмеуі немесе басқа ауданға, қалаға әскери тізімнен шықпастан тұрғылықты мекен етуге кету себебінен келмеуі негізінде бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде  айыппұл тағайындалады;
- комиссия ұйғаруымен азаматтың әскери тізімге тұруы үшін немесе шақырылу комиссиясы үшін медициналық тексеруден бас тартуы айыппұлқа негізделеді, ал әскерге шақырылушыларға  ескерту немесе                  3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл  тағайындалады;
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 387 бабы әскери қызметтен бас тарту.
- Әскери қызметтен бас тарту, сол қызметтен босату заң қағидаларына сәйкес болмаған жағдайда жазаланады: 200-ден (екі жүзден) бір мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе сол сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Ескерту: шақырылушы өз ісінің сот үкіміне қаралуға жіберуден бұрын шақырылушы шақыру пунктіне өз еркімен келген жағдайда жазалаудан босатылады.