Әскерге шақыртылғандарды іздеу және жеткізу жұмыстарын күшейту қажет

Әскерге шақыртылғандарды іздеу және жеткізу жұмыстарын күшейту қажет
29.08.2019 Жалпы

Күзгі науқанда Ақтөбе қаласынан 400-ден аса адамды әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін қала әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ж.Әубәкіровтың төрағалығымен күзгі әскери қызметке шақыру жұмыстары бойынша жиналыс өтті.
Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы Құмаров Ардақ Мақсоткерейұлының күзгі әскери қызметке шақыру жұмыстары туралы баяндамасы тындалды. Күзгі маусымда Ақтөбе қаласынан 466 адамды әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр.

Жиналыс барысында әскерге шақыру науқанында әскери шақырушыларды іздестіру және қамтамасыз ету туралы өзекті сұрақтары қаралды. Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров жауапты мамандарға «Ақтөбе қ. Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» ММ-мен бірлесіп, әскерге шақыртылғандарды іздестіру және жеткізу жұмыстарын бақылауға алып, күшейтуге тапсырма берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 840 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2019 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес күзгі әскери қызметке шақыру жұмыстары 2 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейінгі аралықта өтеді.

Жиналыс сонында көктемгі әскери қызметке шақыру кезеңінде әскерге шақырылушыларды іздестіру мен жеткізуге белсенді қатысып, үлес қосқан учаскелік полиция қызметкерлері марапатталды.