ШАҺАР БАСШЫСЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
19.11.2019 Мәдениет және спорт

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин Қазақстан, Ресей, Армения, және АҚШ-тың жас теннисшілері бас қосқан халықаралық жарысты тамашалады. Халықаралық жарысқа әлемнің 4 елінен 80-нен астам спортшы келген. Турнирдің бірінші кезеңі 14 жасқа дейінгі, екінші кезеңі 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өтеді. Жеңімпаз атанған спортшының ұпайы Еуропа Теннис рейтингісінде есепке алынады.

«Ақтөбеде тенниске қызығушылық жоғары. Ата-аналардың бұл спортқа ден қойғаны бізді қуантады. Біздің балалар бүгінде шет мемлекеттерде өтетін жарыстарда топ жарып келеді. Ал осы заманауи талаптарға сай салынған Ақтөбедегі жаңа теннис орталығы спорт түрінің дамуына оң ықпал етеді деп сенемін», — деген қала әкімі М.Абдуллин жас теннисшілерге сәттілік тіледі.

Халықаралық жарыста Қазақ елінің атынан Ақтөбе, Тараз, Нұр - Сұлтан, Алматы, Шымкент теннисшілері қатысып жатыр. Олардың арасында Қазақстанда және халықарлық деңгейдегі байрақты бәсекелерде танылып үлгерген ақтөбелік Зара Даркен және шымкенттік Жан Қалмұратов та бар. Олардың мақсаты жеңімпаз атанып, Еуропа теннис сериясында ұпай жинау.