Шаһар басшысы мердігер компанияның жұмысын сынға алды

Шаһар басшысы мердігер компанияның жұмысын сынға алды
10.10.2019 Білім

Бүгін қала әкімі Мавр Абдуллин 12 мөлтек ауданында орналасқан №56 орта мектепке жапсарлас салынып жатқан ғимараттың құрылыс жұмыстарын бақылады.

Қала басшысы ғимаратты уақытылы қолданысқа бере алмаған мердігер компанияның жұмысына сын пікір білдірді. Жаңа ғимарат қыркүйек айының аяғында беріледі деп жоспарланған болатын. Алайда мердігер құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтауды көздеп отыр.

Қала әкімі мердігерге және құрылыс бөлімінің мамандарына жаңа ғимаратқа жылу құбырларын тарту жұмыстарын тез арада аяқтауға тапсырма берді.