Шаһар басшысы құрылыс нысандарын тез салып бітіруге тапсырма берді

Шаһар басшысы құрылыс нысандарын тез салып бітіруге тапсырма берді
22.10.2019 Мемлекеттік басқарма

Кеше, қала әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен бюджет қаржысын игеру жөнінде жиын өтті. Оған қала әкімінің орынбасарлары және құрылыс компанияларының басшылары қатысты.

Жиын барысында нысандарды уақтылы тапсыру және қабылдау мәселесі көтерілді. Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарының қарқынын төмендетпеу керектігін айтты.

«Суық ауа-райының басталуына дейін барлық құрылыс жұмыстарын бітірген дұрыс. Сондықтан жұмысты ыждағаттау қажет», - деді қала әкімі.

Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары Жангелді Елеусізов компания өкілдеріне сапасыз салынған нысан үшін жауап беретіндерін ескертті.