«Рухани жаңғыру» бағдарламасының және мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының және мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті
09.10.2018 Мемлекеттік басқарма

Бүгін қала әкімдігі ғимаратында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша қала әкімінің орынбасары К.Айдарханованың төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының комиссиясы өткізілді. Комиссияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім», «Рухани қазына» кіші бағдарламалары және Ақтөбе қаласы «Астана», «Алматы» аудандарымен аталған бағдарламаның орындалуы жөнінде сұрақтар қаралды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссия отырысы өтті. Комиссия барысында Ақтөбе қаласы аумағында, соның ішінде қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің азаматтарды патриоттық тәрбиелеу аспектісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау жұмыстары туралы сұрақтар қаралды.