Рождество мерекесімен құттықтады

Рождество мерекесімен құттықтады
07.01.2019 Жалпы

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов  ақтөбеліктерді Рождество мерекесімен құттықтады.

"Бұл қасиетті күн адамдар арасындағы мейірімділікті, кешірімділікті, шыдамдылық пен сүйіспеншілікті бейнелеп, жаңа өмірдің басталғанын сипаттайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халық бірлігі мен дәстүрлі мәдени құндылықтарға негізделген даналы конфессияаралық саясатының арқасында бүгінгі күні Қазақстанда келісім мен тұрақтылық нығайып келеді.

Бұл күні облысымыздың әрбір тұрғынына, әрбір отбасына бейбітшілік пен береке, бақыт пен молшылық тілеймін!", - деді аймақ басшысы.