Әрекет етпейтін салық төлеушілер туралы

Әрекет етпейтін салық төлеушілер туралы
11.06.2018 Экономика және кәсіпкерлік

Салық Кодексінде белгіленген ұсыну мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салықтық кезең үшін декларацияны  ұсынбаған заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер әрекет етпейтін салық төлеушілер ретінде саналады. 

Соның негізінде, Салық органдары салық төлеушілерді әрекет етпейтін деп тану туралы бұйрықты жыл сайын 30-сәуірден кешіктірмей шығарып, олар туралы мәліметтерді уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.

Осыған орай, Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы әрекет етпейтін салық төлеушілердің санын қысқарту мақсатында күнделікті жұмыс жүргізуде.

Қазіргі таңда, Ақтөбе қаласы бойынша әрекет етпейтін дара кәсіпкерлердің жалпы саны-923 СТ.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексінің 91- бабына сәйкес салық төлеуші салықтық есептілікті ұсыну бойынша салықтық міндеттемені орындағаннан кейін ғана уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.

Әрекет етпейтін салық төлеушілер банктерден жеке шоттар аша алмайды, себебі Салық Кодексіне сәйкес банктер бұл санаттағы салық төлеушілердің өтініштерін қабылдамауға міндетті. 

Сонымен қатар, әрекет етпейтін салық төлеушілердің қызметі бір сағаттың ішінде оңайлатылған тәртіппен және айыппұлсыз жабылатындығын ескертеміз. 

Барлық сұрақтар бойынша келесі мекен-жайға хабарласуыңызды сұраймыз: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 97-үй, 10 және 2-кабинет.
Әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізімін келесі сайттардан көре аласыз: kgd.gov.kz, ugd_aktobe(инстаграм) akt.gov.kz.

Әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізімі(жүктеу)