Партия Хатшысы Ақтөбеде Президенттің бес әлеуметтік бастамасының орындалуымен танысты

Партия Хатшысы Ақтөбеде Президенттің бес әлеуметтік бастамасының орындалуымен танысты
14.09.2018 Мемлекеттік басқарма

Бүгін «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова мемлекеттік қызметкерлермен кездесті. Президенттің бес әлеуметтік бастамасының және жаңа партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Алғашқы нысан Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша бой көтерген тұрғын үйлер болды.Бұл жерде салынып жатқан 3-4 қабатты 6 үйдегі пәтерлердің саны – 1344. Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың қыркүйек айында басталған. Пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша беріледі.

Ақтөбе облысы «7-20-25» бағдарламасымен несие алуға қабылданған өтінімдер саны бойынша облыстар арасында 4 орынға ие.Облыста бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктер арқылы 1165,0 млн.теңге сомасына несие алуға 137 өтінім қабылданса, оның ішінде 758,8 млн.теңгеге 88 өтінім мақұлданды.

Жалпы, Ақтөбе облысы халықтың барлық санаттары үшін пайдалануға берілген үйлердің өсу қарқыны мен көлемі жөнінен республикадағы көшбасшы аймақтардың бірі . Биылғы жылы 870,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарласа, соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша 412,1 мың шаршы метр тұрғын үй өз иелерін тапты.

Партия хатшысы Тамара Дүйсенова  қазіргі кезде баспана ең өзекті мәселелердің бірі екенін, «7-20-25» бағдарламасы сол мәселені тиімді шешуге бағытталған маңызды бастама, әсіресе, жас отбасылар үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

Содан соң сол ол қаламыздың Алматы ауданында орналасқан Жедел басқару орталығында болып, жұмысымен танысты.