Өрттен зардап шеккен үй қалпына келтірілді

Өрттен зардап шеккен үй қалпына келтірілді
01.12.2018 Жалпы

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов Әбілхайыр хан даңғылы №73-үйдің тұрғындарын мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Сондай-ақ тілсіз жаудан зардап шеккен пәтерлерге жүргізілген жөндеу жұмыстарын аралап көрді.

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, №73 үй, №69 пәтерден өрт шығып, ол дер кезінде тиісті мекемелер қызметі арқасында ауыздықталған болатын. Бұл факті бойынша қала әкімінің шешімі бойынша жұмыс тобы құрылып, пәтерлерге тексеру жүргізілді. Тексеру барысында өрттен зардап шеккен 30 пәтердің зардап шеккені анықталды, оның ішінде 1 пәтер толығымен өртеніп кетті. 

Басқарушы компаниялар мен волонтерлердің күшімен жоғарыда аталған пәтерлерді тазалау жұмыстары жүргізілді. 5 қазанда түнде үйдің қасбеті қалпына келтірілді. 

30 пәтердің 19 пәтеріне ішкі жөндеу қажет болды. Қазіргі уақытта, 15 пәтерде жөндеу жұмыстары аяқталып, 4 пәтерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 29 пәтерде пластикалық терезелер мен есіктер орнатылды. Бұл жұмыстардың барлығы демеушілік тарапынан жүргізілуде. 

"Қамқоршылық және забота" қоры арқылы тұрмыстық техника мен жиһаз сатып алынды. Қосымша «Ақсу Мебель» фирмасы арқылы жатын гарнитуралар дайындалуда. Сонымен қатар," Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ арқылы тұрғындарға көмек көрсетілді.