Өңір басшысы мен қала әкімі бірқатар нысандардың жұмысымен танысты

Өңір басшысы мен қала әкімі бірқатар нысандардың жұмысымен танысты
17.10.2019 Мемлекеттік басқарма

Бейсенбі, 17 қазан күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин және қала әкімі Мавр Абдуллин Ақтөбедегі бірқатар нысандарға барып, олардың жұмыс нәтижелерін көрді. 

Осылайша, екі жылдың ішінде Тілдерді оқыту орталығы латын әліпбиіне көшу жөнінде 400-ге жуық шара ұйымдастырып, 27 мың адамды қамтыған. Қыркүйек айынан бері орталық латын әліпбиін оқыта бастады.  Бұдан бөлек, бір жылдың ішінде орталық мамандары 1500 адамға қазақ тілін үйреткен. 

Содан кейін облыс пен қала басшылығы «Ақтөбе» баскетбол командасының ойыншыларымен кездесті. Бұл клуб биыл елдің Жоғары лигасының чемпионы атанды, соның арқасында Қазақстанның Ұлттық лигасында ойнауға жолдама алды. 

Заречный-3 елдімекенінде өз қаражатына спорт кешенін салған кәсіпкермен де кездесу болды. Ауданы 600 шаршы метр болатын кешенде шағын футбол, волейбол, баскетбол ойнауға арналған спорт залы бар. Сондай-ақ, ғимараттың екінші қабатында спорт үйірмелері мен тренажер залы орналасқан.