Оңдасын Оразалин шаруаларды Ауыл шаруашылығы күнімен құттықтады

Оңдасын Оразалин шаруаларды Ауыл шаруашылығы күнімен құттықтады
26.10.2019 Жалпы

Облыс әкімі Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні мерекесі аясында «Табыс» базарында ұйымдастырылған жәрмеңкені аралап, кәсіпкерлермен емен-жарқын сөйлесіп, мерекелерімен құттықтады. Аймақ басшысы жәрмеңкеге өз өнімдерін әкелген жергілікті кәсіпкерлерден дәстүрлі азық-түлік тағамдарын сатып алды.   

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында 11,4 млрд.теңге субсидия бөлінді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17,5 %-ға немесе 1,7 млрд. теңгеге артық. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарына «КазАгро»ҰБХ» АҚ арқылы 15,9 млрд. теңге жеңілдетілген несие берілді. Нәтижесінде  үстіміздегі жылдың 9-айдын қорытындысы бойынша 200,0 млрд.теңгеге ауыл шаруашылғыны өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,2 % құрап отыр. 9 ай ішінде салаға 16,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдан  102%-ға артты.

Облыс әкімі О.Оразалин «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған облыстық конференцияға қатысып, сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Фойеде орналасқан көрме жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы бағытындағы өз өнімдерін ұсынған кәсіпкерлерге қолдау көрсету жұмыстарын арттыру жөнінде өз орынбасарлары мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.  

- Ауыл шаруашылығы ерекше салалардың бірі. Ол экономиканың ғана емес, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың айнасы. Биылғы жылы облыс аумағында орын алған құрғақшылыққа қарамастан, еңселеріңізді түсірмей еселі еңбек еттіңіздер. Өңір аграршылары үшін  биылғы ауыл шаруашылығы науқандары жеңіл болған жоқ. Алайда, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, дәнді дақылдардан тәуір өнім алынды. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін алдағы уақытта да  қолдай беретін  болады, - деп атап өтті облыс әкімі конференция қатысушыларымен кездесуде. 

Шара соңында облыс басшысы ауыл шаруашылығы саласының үздіктері танылған бірқатар азаматтарға арнайы төс белгілері мен министрліктің грамоталарын, облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.