Облыс және қала басшылары қала сыртында орналасқан бірнеше жылыжай нысандарын аралады

Облыс және қала басшылары қала сыртында орналасқан бірнеше жылыжай нысандарын аралады
21.04.2019 Мемлекеттік басқарма

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин және қала әкімі Ілияс Испанов қала сыртында орналасқан бірнеше жылыжай нысандарын аралады. Қазіргі таңда қызанақ, қияр егумен айналысатын жылыжайлар өз ​өнімдерін ішкі нарыққа және көрші Ресей еліне тасымалдайды.

Жылыжай қожайындары өз өнімдерін көтерме бағада төмен бағамен сатылып жатқанын жеткізді. «Гринхаус Қазақстан»​ ЖШС, «Изет Грен Хаус»​ ЖШС, «Ақтөбе Жылыжай» ЖШС-нің жұмыстарын аралаған облыс әкімі өнімнің сапалы әрі бағасы төмен​болуын​ қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді. Себебі, тұрғындар осы көкөніс бағасына қатысты​ мәселені жиі​көтереді.

«Өзімізден шығатын өнім ең алдымен өзіміздің нарықты қамтуы қажет. Тұрғындар тұтынатын өнімдеріміздің бағасы​ шарықтамауы қажет»,-деді Оңдасын Оразалин.

Сондай-ақ, ол көкөністердің бағасын өз көзімен көруі үшін Ақтөбедегі бірнеше ірі сауда үйлеріне барды. Дүкендерді жоспардан тыс аралаған қос әкім көкөністердің бағасын тексеріп көрді.