Облыс және қала басшылары «Арлан» спорттық-сауықтыру кешенінде болды

Облыс және қала басшылары «Арлан» спорттық-сауықтыру кешенінде болды
05.01.2019 Мәдениет және спорт

Заречный-3 ауылында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қала әкімі Ілияс Испанов жаңадан ашылған «Арлан» спорттық-сауықтыру кешенінде болды. Мұнда футбол залы, таэквондо, грэпплинг, өзін өзі қорғау және қоян қолтық ұрыс, хореография, көркем және эстетикалық гимнастика секциялары мен т.б. бар. Кәсібін енді бастаған кәсіпкер кешеннің құрылысына 100 млн теңгедей қаражат құйған. Күн сайын мұнда 400 адамға дейін шұғылдана алады.

Өңір басшысы осындай тез тұрғызылатын және үнемді спорт кешендерін жер-жерде, әсіресе қаланың шетінде және ауылдық елді мекендерде ашу керектігін атап өтті. Бұл бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеп, халықты әсіресе жастарды дене шынықтырумен және спорттың жаппай түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді.