Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен аймағымызда 2018 жыл бала жылы болып жарияланды.

Облыс әкімі  Б.Сапарбаевтың бастамасымен аймағымызда 2018 жыл бала жылы болып жарияланды.
09.08.2018 Мемлекеттік басқарма

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен аймағымызда 2018 жыл бала жылы болып жарияланды. Аталған жобаны іске асыруда Ақтөбе қаласында «Бақытты бала – мәңгілік ел кепілі!» ұранымен жыл бойы түрлі шаралар өткізіліп келеді. Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қолдау бағдарлама бағыттарының бірі болып қала береді. Әлеуметтік жобаға қатысуға ниет білдірген жетім балалардың өміріне бей-жай қарамайтын ақтөбеліктер саны артуда. Олардың ішінде кәсіпкерлер, мемлекеттік және бюджеттік мекемелер бар. Осы аптада «А-Расул 2006» ЖШС директоры Алтынбек Саханов қаладағы орта мектептің 3 класс оқитын Айша есімді қыз баланың шотына ақша салумен қатар, жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мектеп формасы мен кеңсе тауарларын табыс етті. Аталған жұмыстарды қалалық әкімдік жалғастыруда.