"Нұрлы-Жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді қалай алуға болады?

"Нұрлы-Жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді қалай алуға болады?
02.07.2018 Қоғам

Бүгін тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Ж.Б.Дуйсекенова және «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысының орынбасары Н.Тұрымов журналистерге «Нұрлы-Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан пәтерлер мен коттедждер жайлы ақпарат берді.

ТҮҚЖБанкі желісі аясында «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлерді өткізу жұмыстары жалғасуда. 9 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің 1 ш.м 100 000-110 000 тг және 3-4 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің 1 ш.м 120 000 тг құрайды. Тұрғын үй дайын әрлеуде, тұрғын үйдің бастапқы жарнасы 30%-мен жүргізіледі. Барлық туындаған сұрақтар бойынша ТҮҚЖБанкінің филиалына жолығуды ұсынамыз.

Сонымен қатар, «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданындағы коттедждерді бөлу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 8 түрлі жобадағы 100-ден аса коттедж бар. Тұрғын үйдің 1 ш.м 120 000 тг құрайды. Коттедждер бір және екі қожайынға арналып салынған. Аталған бағдарламаға қатысып, төлем қабілеттілігін растауға жолдама алу үшін Алтынсарин көшесі, 2 үй, 54 бөлме мекен-жайында орналасқан жер қатынастары бөліміне жолығуды ұсынамыз.