НҰРЛАН ДОСОВ: БІЗ ҮШІН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПІКІРІ МАҢЫЗДЫ
21.01.2020 Жалпы

Ақжар-2 елдімекенінің тұрғыны Еркебұлан Бабасов әлеуметтік желілер арқылы ауылдың барлық дерлік көшелерінде қар аршылмай жатыр деп шағым түсірді. Оның шағымына бейжай қарамаған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Досов елдімекенге барып, көшелерді өзі көріп шықты. Расымен де тазартылмаған көшелер анықталды.

«Қазір қоғамдық көліктер жүретін негізгі көшенің бойы ашық. Дегенмен, қары аршылмаған екінші деңгейлі көшелер бар. Автогрейдер бүгін түнде және ертең таңертең осы көшелерді тазалап шығады. Біз үшін ең маңыздысы — тұрғындардың бағасы мен пікірі», — деген Нұрлан Досов мердігер ұйымдар басшыларына тапсырма берді.