«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалында депутаттар фракциясының жиыны өтті

«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалында депутаттар фракциясының жиыны өтті
08.11.2019 Мемлекеттік басқарма

Ақтөбе қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» депуттаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Оған Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин қатысты. Жиналысты фракция жетекшісі Ә.Мұратбай ашты. Күн тәртібінде екі мәселе талқыланды:

1. «Қазақстан2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» партияның сайлауалды бағдарламасының және Ақтөбе қаласының территорияларды дамыту бағдарламасының орындалуы туралы» Ақтөбе қаласының әкімі М.Абдуллиннің есебі тыңдалды.

2. 2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласы бюджетінің жобасы - қаланың экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Уристемованың есебі тыңдалды. Жиынға қалалық филиалдың депутаттық фракциясының мүшелері қатысты.

— 2016-2019 жылдар арасында Ақтөбе қаласына жалпы көлемі 480,8 млрд.теңге инвестиция тартылды. Оның 77,0 %-дан астамы инвесторлардың меншікті қаражаты.

Жалпы, аймақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу және партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру тұрақты бақылауда болады, — деді қала әкімі өз баяндамасында.