№65 сайлау учаскесінде 23 азамат үйінде дауыс берді

№65 сайлау учаскесінде 23 азамат үйінде дауыс берді
09.06.2019 Жалпы

Сматолла Беркімбаев - Еңбек ардагері, Ол бүгін үйден дауыс берді. Ғ.Жұбанова көшесіндегі пәтерінде дауыс берген қария ақтөбеліктерді ауызбіршілікке, ынтымаққа, жауапкершілікке үндеп, xалқымыздың болашағы үшін маңызды сайлауда дауыс беруге шақырды.

№ 65 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7:00-де бастады. Таңертеңнен бері дауыс берушілердің қатары қалың, сайлаушы азаматтардың басым бөлігі өз құқықтарын пайдаланып, таңдауларын жасап үлгерді. Айта өтейік, сайлау учаскесінде 2324 сайлаушы бар. Оның 38-ге жуығы алғаш рет саяси додаға қатысушылар болса, жиырма үш азамат денсаулықтарына байланысты үйінде дауыс берді.