МЕРЕКЕЛЕРДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚЫМБАТТАМАУЫ КЕРЕК

МЕРЕКЕЛЕРДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚЫМБАТТАМАУЫ КЕРЕК
01.12.2019 Жалпы

Бүгін қала әкімі Мавр Абдуллин жауаптыларға осылай деп тапсырма берді. Шаһар басшысы «Дина» гипермаркетіне барды, негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақтылығына назар аударуды міндеттеді.  Қазір «Дина» желісінде «Купеческий» рожкиі 194 теңгеден 160 теңгеге дейін, «Элита» күріші 336-дан 242 теңгеге дейін, «Лето» күнбағыс майы 435-ден 390 теңгеге дейін арзандатылды. «Біз «Жаңа Әлжан» ұн комбинатымен бірінші сұрыпты ұнның бағасын төмендету туралы келісімге келіп отырмыз. Комбинат бірінші сұрыпты ұнды сауда желілеріне 110 теңгеден жеткізеді. Сауда желілері 5 пайыздық үстемемен 116 теңгеден сататын болады. Ал бүгінгі күнге дейін осы бірінші сұрыпты ұнның бағасы 135-138 теңгеден сатылып келді. Жалпы, бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады», — деді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Әжниязов.