МЕРДІГЕРЛЕР МІНДЕТІН АТҚАРУҒА УӘДЕ БЕРДІ
11.02.2020 Көлік

Қала көшелерінің жолдарын жөндеуге қатысқан мердігер мекемелер қар кетісімен асфальттің ой-шұқыр болып қалған тұстарын тегістеу жұмыстарына кірісті. Бұдан былай қала бюджетінен сапасыз жөнделген жолдарды қайта қалпына келтіруге жыл сайын қаражат бөлінбейді. Шаһар басшылығының тапсырмасы бойынша, мердігерлер өз қаражаты есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізулері тиіс. Осыған орай, мердігер компания — «Барлық-Құрылыс» ЖШС Сәңкібай батыр даңғылы жолының ойылған тұстарын тегістеуге кірісті. «Бұл қазір жүргізушілерге қолайлы болуы үшін уақытша жасалып жатқан жұмыс. Қар әбден еріп кеткен соң, асфальтті қалпына келтіретін боламыз», — деп уәде беріп отыр мердігер компания басшылығы.