"Менің анам ең сұлу" сырттай суреттер байқауы өткізілді

"Менің анам ең сұлу" сырттай суреттер байқауы өткізілді
07.03.2019 Жалпы

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай, дәстүрлі түрде аналарға арналған балалар суреттерінің байқауы өткізілді. "Менің анам – ең сұлу"атты сырттай байқау-көрме өтті.

Байқауға Ақтөбе қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының 3-7 жастағы тәрбиеленушілері қатысты.

Байқау қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың басшылығымен № 49 "Думан" балабақша-бөбекжай базасында өтті.

Балалар 1 наурыздан бастап № 49 "Думан"МдҰ-ның фойесі мен үй-жайларының ақпараттық стенділерін безендіріп, шығармашылық жұмыстарын дайындады. Суреттер көрмесі 6 наурызға дейін созылды.

Байқау қорытындысы бойынша 1-ші, 2-ші және 3-ші орынға диплом алатын 3 жүлдегерді таңдалды.

Байқауға қатысушылардың авторлардың аты жазылған үздік жұмыстары Ақтөбе қаласы білім бөлімінің ресми сайтында орналастырылып, ал педагогтар, мектепке дейінгі балалар жетекшілері байқауға қатысқандары және балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.