Мемлекеттік қызметшілер тағылымдамадан өтуде

Мемлекеттік қызметшілер тағылымдамадан өтуде
10.07.2019 Мемлекеттік қызметтер

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы мақсатында Ақтөбе қалалық әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері тағылымдамадан өтуде. 

Қазіргі уақытта «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы Болат Серіков квазимемлекеттік сектор «Ақбұлақ» АҚ тағылымдамадан өтуде. 

Квазимемлекеттік секторда тағылымдамадан өту ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің ұсынысымен жүргізілуде. 

Тағылымдаман өту мемлекеттік қызметшілерге жаңа дағдылар, тәжірибе және білім алуға мүмкіндік береді.