Мемлекеттік бағдарламалар көмегімен тұрғын үй алу мүмкіндіктері

Мемлекеттік бағдарламалар көмегімен тұрғын үй алу мүмкіндіктері
18.10.2019 Жалпы

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен ашық ескі күнінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ және «Баспана» ипотекалық компания мамандары, сондай-ақ, «Қазақстанның тәуелсіз заңгерлер альянсы» өкілдері тегін заңнамалық кеңес беріп, мемлекеттік бағдарлама көмегімен тұрғын үй алу тетіктері түсіндірілді.

Қала тұрғындары мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары жайында толыққанды ақпарат алды. Мәселен, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалы табысы төмен отбасыларға несие беру бағдарламасын жүзеге асыра бастады.

Республикалық бюджеттен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің шотына түскен 50 млрд. теңге 6000 қазақстандық отбасыға жалдамалы пәтерден өз пәтерлеріне көшуге мүмкіндік береді. Арнайы көпбалалы және толық емес отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасы әзірленді. Жергілікті әкімдіктер алғашқы жарнаны төлеуге қаражаты жетпейтін отбасыларға көмек көрсетеді. Бастапқы нарықтағы пәтерлерді алуға тұрғын үй сертификаттарын табыстайды. Ал соны алатын отбасылардың тізімін мәлихат бекітеді.

Биыл Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 700 адам пәтер иесі атанды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқасында 530 адам, «7-20-25» бағдарламасы көмегімен 600 адам пәтер алуға қарыз қол жеткізді.

Бүгінде қала бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға 24 мың ақтөбелік кезекте тұр.